Облыстың мәдени өмірі

  • 71.JPG
  • 160.JPG
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG

24.06.2017


     Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған «Қазақтың батыр арулары» мүсіндік композициясының ашылуы өтті.
      Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, ҰОС-ның және тыл ардагерлері, қала тұрғындары қатысты.    

21-24.06.2017



     Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына БҚО делегациясының құрамымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы қатысты.


               

22.06.2017

Қазақстан Республикасының Халық артисі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың әндерін орындаушылардың IХ Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі жеңімпаздарының марапаттау рәсімі мен Гала концерті болып өтті. 

 

        Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы Италия елінің Сан-Ремо қаласында өткен «San-Remo junior» фестивалінің лауреаты, I орын иегері, жас талант Максим Ержанды және ұстазы Дария Бақытованы қабылдады.

 

               

 

     Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы Талдықорған қаласында өткен «Рухани жаңғыруға – жастық жігермен» республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері, ақын Мирланов Мұрадымды қабылдады.
      Басқарманың Алғыс хатын табыстады.

01.06.2017

2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін (Астана уақытымен)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері  бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

30.05.2017


Дәстүрлі әнші Күләш Қуанышқалиеваның шығармашылық концерті өтті.

     Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, «Орал сазы» фольклорлық ансамбілінің әртисі, дәстүрлі әнші Күләш Қуанышқалиеваның шығармашылық концерті болып өтті.
     Әнші кеш шымылдығын Ғ.Құрманғалиевтың «Сәлем, Қазақстан»,  Халық әні «Желкілдек», «Махамбеттін термесі», Г.Дәукенованың «Сағым жылдар, Қалқаның әні «Қалқа», Мұхиттың, Кенен Әзірбаевтың әндерін нақышына келтіріп тамаша орындауда халық назарына ұсынды.
     Концертте Қазақстанның Еңбек сіңірген  қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова, Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова және Ақмарал Ахметова, Галина Калашникова, Берік Шаймарданов, Мөлдір Жалмұханбетова, Артур Сисенов, дәстүрлі әншілер Армат Исламғалиев, Артур Сисенов, Бейбіт Қажғалиев, Асхат Қажғалиевтердің орындауындағы  дәстүрлі әндер шеруіде жарасым тауып, кештің шырайын келтірді.