Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Қазақстанның Халық  жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына, орталықтың 5 жылдығына арналған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының МАУСЫМАШАР концерттік бағдарламасы өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және 20 аудандық, 32 ауылдық деңгейдегі кітапханалар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан кітапханалар одағының ұйымдастыруымен, Қазақстанның «Халық жазушысы», балалар ақыны  Қадыр Мырза Әлінің  85 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақтың Қадыры» атты республикалық  онкүндігіне белсене қатысты.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Табиғат және экология музейінде IT лицейдің 7 сынып оқушыларымен «Жер бетіндегі сұлулықты сақтайық» тақырыбында танымдық сағат өткізді.

рисунок

Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы қауіпсіз интернет апталығы аясында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізді. Шараға А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері қатысты.

рисунок

Бүгін Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қауіпсіз Интернет апталығы аясында Республикалық жоғары технологиялық колледж оқытушысы Лайхов Ерболдың қатысуымен «Компьютерлік алфавит» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке университет және колледж студенттері қатысты.

рисунок

2020 жылдың 24 қантар күні облыстық арнаулы кітапханасында ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына арналған «Зерделі жырдың зергері»  әдеби жыр кеші ұйымдастырылды.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жасөспірім. Заң. Қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей, №6 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушылары, жергілікті полиция департаментінің өкілдері қатысты.