Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

31.05.2016 ж

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов «БҚО бойынша тексеру комиссиясына 5 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапаттады. 

Төсбелгіні «БҚО бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұғманов Аманкелді Шайхоллаұлы табыстады.

31.05.2016

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен 2016 жылдың 31 мамырынан бастап «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Камералық оркестрінің» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Қуанышев Медет Ермекқалиұлы тағайындалды.

30.05.2016

«Әдебиетімізбен доспыз» онлайн оқырман конференциясы

Орал – Алматы – Воронеж

 Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақстандық жазушы Аделия Амраеваның «Футбольное поле» кітабы бойынша халықаралық онлайн оқырман конференциясы ұйымдастырылды. 

 «Әдебиетімізбен доспыз» онлайн оқырман конференциясы Воронеж қаласының қалалық кітапханасының оқырмандарымен (№5 мектептің 5-6 сынып оқырмандары), Алматы қаласындағы жазушы Аделя Амраевамен және де біздің кітапханадан № 44 мектептің 5-6 сынып оқушыларымен өтті.

 

31.05.2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қадыр Мырза Әлі атындағы қоғамдық қордың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші – композитор Донеділ Ізмағанбетұлы Қажымов республикалық, халықаралық деңгейде мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген облыстық Қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықовты Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі атындағы медальмен марапаттады.

19.05.2016

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдени шара

Облыстық халық шығармашылығы орталығының кіші залында мәдениет және өнер қызметкерлері күнінеорай, ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, қасиетті қарасөз бен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүрген белгілі қаланың асабаларының басын қосқан шара өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – ата-бабамыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сай, кестелі сөзбен көмкере, үлкен орталарды аузына қаратып жиын тойларды өз дәрежесінде атқарып жүрген асабалардың мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету. 

Мерекелік шараға облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелердің басшылары және өнерлерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген өңіріміздің асабалары қатысты.

Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы елімізге танымал, облысымыздың мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірнеше асабаларға «Алғыс хат» табыс етті;

Қазақ драма театрында 

«Толғақ» қойылымы көрсетілді.

Қазақ драма театры Жеңишгүл Өзүбекованың психологиялық драмасының премьерасын ұсынды. Қойылымның режиссері – Самал Абуов, қоюшы суретшісі – Мұрат Мәмбетов, аударған - Эльмира Макашева.

Премьераға Қырғызстаннан шығарма авторы белгілі қырғыз драматургы, ақын, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жеңішгүл Өзүбекова, Қырғыз Республикасының Түркия Республикасындағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі ,филолог Жумагулов Ташбоо Рахманбердиевич арнайы келді. 

Жеңішгүл Өзүбекова төл туындысын сахналағаны үшін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына шынайы алғысын білдіріп, қойылымды сахналауға ат салысқан барлық әртістерге Қырғыз республикасының мәдениет және туризм министрі Алтынбек Максутовтың алғыс хаты мен дипломдарын табыстады. 

 

21.05.2016

21 мамыр мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай, облыстың мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Құрмет белгісімен» наградталған мәдениет және өнер қызметкерлері