Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

15.09.2016

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының 
ұйымдастыруымен өткізілген ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
Шыңғырлау ауданы жасөспірімдері мен жастарының «Тәуелсіздікке тарту» атты
көрмесінің ақпараты

     ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке тарту" атты аудан қолөнер және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі жалғасын табуда.
      Сырымнан кейін кезек алған Шыңғырлау ауданы дәстүрлі шараны жалғастырды.
      Шыңғырлау ауданы қолөнер және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі салтанатты түрде ашылды.    

15.09.2016

Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Көлгінов Хамза Есенжанов атындағы
облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында болды.


     Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Көлгінов облыстық кітапханаға «Бірлік - Единство.kz» халықаралық жастар лагері шеңберінде өткен кітапхана атынан қатысқан жас кітапхана мамандарынан шақыру алған болатын.
     Жұмыс сапарында әкім А.С.Көлгінов кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысты, кітапханашылармен дидарласты.   

09.09.2016


«Мемлекет, отбасы және ана» ашық пікір алаңы

     Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Мемлекет, отбасы және ана»  ашық пікір алаңы өткізілді. Шараға қатысқандар БҚМУ студенттері, № 1 индустриалды колледждың студенттері. Мақсатымыз отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы қазақстандық қоғамда отбасының дәрежесін арттыруға қолдау көрсету.  Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Ұрпақ тәрбиесіндегі салт-дәстүріміз мен әдет-ғұрпымызды, рухани құндылықтарымызды насихаттаудың алатын орны.
     Отбасы күніне арналған Орал қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігі және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық қоғамда отбасының дәрежесін арттыру мақсатында өткізілді.    

07.09.2016


Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!»
облыстық жас келіндер байқауы

     Байқаудың басты мақсаты - озық дәстүрлерді жаңғырту, ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен әдептілік, ізеттілік пен сыпайылық, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау, бүгінгі заман талабына сай ой-танымдары жоғары, ана тілін жетік білетін, туған халқының салт-дәстүрінен, тұрмысынан, қолөнерінен, ән-күйінен хабары бар, көрікті де өнерлі, ісмер де зерделі жас келіндерді анықтау. 
      Осы мақсатта оздырылған байқауға облыс аудандарынан 21-30 жас аралығындағы 12 жас келін  қатысып, сынға түсті.    

29.08.2016


Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған
«Ата Заң – Тәуелсіздік кепілі»  атты   мерекелік концерт болып өтті


      Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Марат Лұқпанұлы Тоқжанов қатысып, жерлестерімізді мерекемен құттықтады.
    Мерекелік концерттік бағдарламаға «Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық» вокалды - аспаптар ансамблі, «Ән-қанатында» вокалды - аспаптар ансамблі, «Назерке» халық биі және «Шұғыла», «Таис», «Гүлдәурен», «Арна» би ансамбльдері сынды белгілі ұжымдар қатысты.     

Ақын, өнер жанашыры Ерікқали Ахметовтің
«Өнер деп атар әр таңым...» атты шығармашылық кешінің ақпараты


     24 тамыз  күні облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының  ұйымдастыруымен ақын, өнер жанашыры Ерікқали Ахметовтің «Өнер деп атар әр таңым...» атты шығармашылық кеші өтті.   

22.08.2016

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Бөрлі өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры лауазымына Сюндюкова Алтынбөбек Маратқызы тағайындалды.