Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

6 маусым 2016 жыл

Орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкиннің туылған күніне орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларына арналған қалалық және облыстық мәнерлеп оқу байқауы

 Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Орал қаласындағы РФ Бас елшілігімен және «Старый Уральск» қоғамдық мәдени-ағарту қорымен ақын А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды.

 А.С.Пушкиннің туған күнін мерекелеу аясында мәдени іс-шаралар циклі ұйымдастырылды:

 - ақынның ескерткіші алдында сағат 11-00-де өлеңдері оқылып, гүл шоқтары қойылды және А.С.Пушкин мұражайына және ақынның Орал қаласында болған тарихи жерлеріне саяхат жасалынды.Бұл шаралар байқаудан тыс уақыттарда оздырылды.

 Байқаудың ережесі бойынша қатысушылар арасында А.С.Пушкин шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы және өзінің төл шығармасын арнау керек болатын. Байқауға облысқа қарасты Даринск, Макарово, Трекино елді мекендерінен және қалалық, мектеп, лицей мен гимназиялардың оқушыларының 85-і қатынасып, 60 оқушы іріктеу турынан өтті. Байқауды Х.Есенжанов атындағы кітапхана директоры З.Б.Өтешева, «Старый Уральск» мәдени ағарту қоғамдық қорының директоры Г.Л.Мухин, А.С.Пушкин мұражайының меңгерушісі Л.Т.Сихова және ф.ғ.кандидаты, доцент О.В.Опря әділ саралады. Жыр сайысы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында өтті.

Байқау бағдарламасына қатынасуға А.Островский атындағы драма театр әртістері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері, М.Өтемісұлы атындағы филология факультетінің студенттері, жерлес жазушы-өлкетанушылар және жас ақындар мен музыканттар шақырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені НИМ-нің оқушысы-Қуанышева Аяулым иеленсе, І-орынды №21 ЖОМ-тің оқушысы Кузяняткин Егор, ал ІІ-орынды №7 ЖОМ оқушысы – Колузанов Роман және №25 мектеп оқушысы – Жакупова Нигара бөлісті. Байқауда өз қабілеттерімен Дарьян, Макаров ауылдық мектептердің және №12,№8 ,№14,№38 мектептердің оқушылары белсенділік көрсетті. 

Сонымен қатар байқау қатынасушылары «Көркем сөз оқу», «Шынайы оқылған шығарма», «Ақынға арнау», «Махаббат жас талғамайды» номинациялары бойынша және төл шығармаларымен қатысқандар «Төгілсін жаңа жыр» атты номинациямен Х.Есенжанов атындағы кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар ұлы ақынға білдірген оқырмандық құрметі үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Шара барысында еркін микрофонда Орал қаласының жас ақындары Амария Худобандаева, Алексей Егоров, Галина Самойлова және мектеп оқушылары Ажгалиева Айнаш, Қуанышева Аяулым және т.б қатысып, жыр кешінің шырайын келтірді.

06.06.2016

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекеме, кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және белсенділерімен кездесу

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов басқармаға бағынысты мекеме, кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және белсенділерімен кездесті.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов және Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы мен салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО бойынша филиалының төрағасы Айдар Тапашұлы Батырханов кәсіподақ ұйымының жұмыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін бір топ мәдениет қызметкерлерін Алғыс хаттарымен марапаттады.

 

03 06 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНІ ОРЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ағымдағы жылдың 3 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат: 11:00-де «Қазақстан Республикасының Гимнін орындау» атты облыстық акциясы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында және басқармаға қарасты мәдениет мекемелерінде өтті.

Басқарма басшысы Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов ұжымды рәміздері күні мерекесімен құттықтады. Ұжым мүшелеріне Ғарифолла Есімнің «ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰМЕКЕН» кітабын сыйға тартты.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басқарма ұжымы «Қазақстан Республикасының Гимнін орындау» атты облыстық акцияға қатысып, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНІН ОРЫНДАДЫ.

03 06 2016

«Қазақстан Республикасының Гимнін орындау» атты облыстық акция 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қазақстан Республикасының Гимнін орындау» атты облыстық акция аясында 3 мамыр күні сағат 11.00-де ұжым болып әнұранды орындады. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстырылып, өлең жолдары оқылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Қазақстан Республикасының Гимнін орындау» облыстық акциясы туралы ақпарат

Рәміздер күні-барша қазақстандықтардың елге деген мақтанышын, патриотизм мен азаматтық сезімді оятатын мереке.

3 маусым күні сағат 11.00-де Облыстық халық шығармашылығы орталығыныңқызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Қазақстан Республикасының Гимнін орындау» облыстық акциясынпатриоттық сезіммен атап өтті. Мерекелік акцияда облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Қамбетов, директордың орынбасары Н.Бердашева құттықтау сөйледі.Егемендікті, дербестікті білдіретін, тәуелсіздігімізді айшықтайтын Мемлекеттік рәміздерге деген құрметіміз ерекше атап өтіліп, көк туымыз бен нышанымыз төрімізден орын алып, әнұранымыз шарықтады.Акцияға 26 қызметкер қатынасты.

01.06.2016

«Жаз бізбен көңілді!» атты мерекелік бағдарлама

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Алақай, жаз!» жазғы бағдарлама аясында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Жаз бізбен көңілді!» атты мерекелік бағдарламаны «Атриум» сауда орталығымен бірлесе өткізді. Мереке «Атриум» сауда орталығының алаңында оздырылды.

Мерекелік шараға «Атриум» сауда үйінің тұтынышулары, балалар, ата-аналар және сүйікті қаламыздың кішкентай тұрғындары көрермен болды. 

Мерекенің ашылу салтанаты баларды құттықтау сөзбен ашылып, мереке құрметіне көңілді «Альянс» студенттерінің «Жастық» топтық би орындалды. 

Көңілді бағдарламаға мектептен тыс жұмыстар орталығының (директор-Ү.Е.Шадеева) өнерпаздары қолдау көрсетті. Сонымен қатар балаларға мерекелі күнге байланысты «Ертегі әлеміндегі қызықты сәттер» танымдық викториналар, қозғалыс ойындары мен флеш-моб және «Біз бақытты балдырған» атты көлемді көркем суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар «Петрушкин цирк» атты қуыршақ қойылымын тамашалады. 

Мерекені ұйымдастырушы кітапхана қызметкерлері барлық қатысушы көрермендерді жазғы айларына арналған «Алақай, жаз!» бағдарламасымен таныстырып, кітапханаға шақырды. Балалар мерекесі «Сәлем Қазақстан!» әнімен аяқталды. 

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен 2016 жылдың 31 мамырынан бастап «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Марат Кеңесұлы Қалиев тағайындалды. 

Қалиев Марат Кеңесұлы 27 қараша 1960 жылы БҚО, Орал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 

1993 жылы Самара Мемлекеттік және өнер институтын «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Приуралье ауданы,Октябрь ауылдық клубының көркемдік жетекшісі болып бастаған.

1983 - 1987 жылдары Облыстық Халық шығармашылығы орталығының әдіскері, 1989-1992 жылдары «БАТ - Орал» ЖШС-ң директорының орынбасары, 1993-2001 жылдары Облыстық Халық шығармашылығы орталығының әдіскері, 2001-2008 жылдары Зеленов аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2008 - 2010 жылдары Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, 2010 - 2015 жылдары Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры қызметтерін атқарған.

Отбасылы жолдасы, 1 қызы бар

 Мәдениет саласының дамуына қос қосқан үлесі үшін «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі (2011), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылығының мерекелік медалі (2011) марапатталған.