Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

01.04.2016

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жастар шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары лауазымына Байғали  Ерғалиұлы Жүсіпқалиев тағайындалды.

Байғали  Ерғалиұлы Жүсіпқалиев 1979 жылы 25 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген.

Білімі: жоғары.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы – орындаушылық өнері.

2001-2011 ж.ж. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанындағы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінде оркестр әртісі.

2011 жылдан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында қойылым бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

«Наурыз-думан» мерекелік бағдарлама

18.03.2016

 Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұлық мереке Наурыз күніне арналған «Наурыз-думан» атты мерекелік бағдарлама өткізді.

Мақсаты: жас ұрпаққа ұлыстың ұлы күнінің қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жаңғыртып қастерлейтін күн екенін түсіндіру. Мемлекеттік мейрам туралы ұғымдарын кеңейту, асыл дәстүрлерімізді құрметтеп,ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге баулу, ауызбіршілік пен татулыққа шақыру.

Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлы мереке кітапхана ұжымы, М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернаты және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледж студенттерімен бірлесе ұйымдастырылды.Мерекелік шарада «Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды,қазақ халқының киіз үй,қолөнер жабдықтарымен безендірілді.ұлттық тағамдарға арналған мол дастархан жайылды. Сонымен қатар шарада «Билер ауылы», «Жас отау», «Жайлауда», «Аластау», «Бастаңғы», табиғат көрінісін бейнелейтін «Жер-Ана», «От-Ана», «Су-Ана», «Күн-Ана» т.б салт-дәстүрлер ардақталды,күмбірлеген күй шертіліп,әсем әндер шырқалды.Мереке құрметіне барлық қонақтарға наурыз көже таратылды.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды тұғырнамасын қолдау бойынша мәдениет қызметкерлерінің облыстық форумы өтті.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында Мемлекеттік кірістер департаментінің тапсырысы бойынша 8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарлама болып өтті.