Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының,
Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің
Татарстан  Республикасы Қазан қаласына гастрольдік сапары туралы ақпарат

    Үстіміздегі жылдың 12-14 қазан күндері аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Татарстан Республикасының Қазан қаласында Қоғам қайраткері,  композитор Назиб Жигановтың 105 жылдығы және Назиб Жиганов атындағы мемориальдық музейінің ашылғанына 25 жыл толуына арналған Ресейлік «Музей кеңістігіндегі музыка»  тақырыбындағы  ғылыми-практикалық конференциясына Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі ұжымы және танымал өнер майталмандары гастрольдік сапарда болды.   

03.10.16

3-5 қазан аралығында Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Кусайнов Даулеткерей Атауович «Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты ескерту» шетелдік оқытушылардың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары бағдарламасының тақырыбы бойынша курстан өтті.

Шетелдік оқытушылар: Нил Дэвид Маккалум Тимоти Дэвид Солт (Великобритания) дәріс беріп, курс нәтижелі аяқталып басқармасының басшысы Кусайнов Даулеткерей Атауовичке Сертификат табыс етілді.

 

27.09.2016

Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық
аспаптар оркестрінің концерт залында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған
Батыс Қазақстан облысы  Камералық оркестрінің «Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік!» атты классикалық музыка кеші өтті.

     Концерттік бағдарламада шет ел композиторлары: Томазо Альбинони, Вольфганг Амадей Моцарт, Ян Сибелиус, Антоинин Дворжак, Йоган Штраус, Йокко Кано, Сальвадор Мартинез, Эрнесто Дэ Куртистың шығармалары орындалды. Қазақ композиторларынан Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу»  шығармасы  және Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» шығармасы Ақылбек Бектасовтың орындалуында, Үкілі Ыбырайдың  «Гәкку»  шығармасы Эльмира Усаеваның орындалуында, Халық әні «Ақбақай»  және Бәкір Тәжібаевтың  «Ақбұлақ» әні  Айбар Хайырхановтың орындалуында көрерменге жол тартты. Сонымен қатар Акустикалық гитарада Сергей Елизаров, Кахон аспабында Бекжан  Абжанов өз өнерлерін көрсетті.    

19.09.2016

Қазақ театры Македониядан мереймен оралды.

     Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Македония мемлекетінің Велес қаласында өткен Халықаралық «Стоби-2016» антикалық қойылымдар фестиваліне Еврипидтің «Троя арулары» қойылымымен қатысып келді. Аталған фестивальдың қортындысы бойынша Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Бас жүлде», «Үздік режиссура» (Қуандық Қасымов),
«Үздік әйел бейнесі» (Бибігүл Исалиева) жүлделеріне ие болды.
     Табысты сапардан келгеннен кейін театр баспасөз конференциясын өткізді. Бұл конференцияға «Орал-Қазақстан» және ТДК-42 телеарналары, сондай-ақ «Жайық Пресс» ЖШС-на қарасты БАҚ өкілдері қатысты.

28.09.2016

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран-При иегері,
республикалық «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының жүлдегері,
атыраулық ақын Бақытгүл Бабаштың «Бақыттың гүлі» атты шығармашылық кеші өтті.

     Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран-При иегері, республикалық «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының жүлдегері, атыраулық ақын Бақытгүл Бабаштың шығармашылық кеші өтті.
     Алғаш болып сөз алған «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Дариға Мұштанова ақындық ақ жүрегін жарып шыққан апалық ақ тілегін ақтарды.   

21.09.2016

Ақын, ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызының
"Ел деген алтын тұғырым" атты шығармашылық кеші өтті.

     Қадыр орталығында, сәрсенбінің сәтінде ақын, ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызының «Ел деген алтын тұғырым» атты шығармашылық кеші өтті. Бір топ өнер майталмандарымен бірге Қадыр ескерткішіне гүл шоғын қойғаннан кейін ұстаз, ақын концерт залға толы жиналған жұртына жырымен амандасып, әдемі кеш желісін тапты.
    Кештің әлқиссасы Қадыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етуден басталды. "Жақсылармен жүздесу" атты ақын өмірінен сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.    

17.09.2016-18.09.2016

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Қуатты өңір, қуатты Қазақстан» негізі аясында Батыс Қазақстан облысының
күндері өтті

    17 қыркүйек күні Хан шатыр алаңында Батыс Қазақстан облысы ауыл-шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкесінің ашылу салтанаты мерекесіне орай өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада Орал және Атырау қалаларының артистері өнер көрсетті.