Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

25.07.2016


Аполлинарий  Михайлович Васнецовтың 160-жылдығына арналған
«Орал суретшілір көзімен» атты Орал қаласының суретшілерінің жұмыс
көрмесі


         Аполлинарий  Михайлович Васнецов – орыс суретшісі, сурет өнерінің майталманы, өнертанушы, өнер тарихында өз қолтаңбасымен қалған  ұлы орыс суретші  Виктор Васнецовтың ағасы.
         25 шілде күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  ежелгі  Мәскеуді  тарихи-тұрмыстық  жанрда бейнелеген А.Васнецовтың 160-жылдығына арналған Орал қаласының суретшілерінің жұмыстары бойынша көрменің ашылуы өтеді.      

08. 07. 2016

«Озық тәжірибе – көпке ортақ»

облыстық тәжірибелік семинар-кеңесінің ақпараты

07.07.2016

 

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.А.Құсайыновтың бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары болып Сабирова Нұргүл Нұрхатқызы тағайындалды.

 

 

06.07.2016

 

Облыс əкімі айтыскер ақынды қабылдады

     Облыс әкімі айтыскер, ақын Бауыржан Ширмединұлын қабылдап, Астана күніне арналған айтыстан ұтқан бас жүлдесімен құттықтап, өнерге қосып жүрген үлесіне ризашылығын білдірді.

      Бауыржан Ширмединұлы 1992 жылы 30 шілдеде Сырым ауданы, Өлеңті ауылында дүниеге келген. 

    Ақын, айтыскер. Поэзия мен айтыс өнеріне 2012 жылдан бері танымал. Осы жылы ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Рәміздерім – ұлтымның мақтанышы!» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасында І орын иегері атанып, үлкен өнерге тұсауы кесілді. 

     Бауыржан – М. Өтемісов атындағы БҚМУ университетінің 80 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының, Ж.Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған республикалық «Ардақтысы Алаштың» атты ақындар мүшайрасының жеңімпазы. «Облыс ақыны» атағының иегері, облыстық, аймақтық ақындар айтысының жүлдегері.       

06.07.2016


«Мерейлі отбасы-2016» байқауын қолдау


      Облыстық Қазақ драма театрында «Мерейлі отбасы-2016» байқауының жеңімпаздары таңдалды.
      Бірінші орын алған отбасы осы жылдың қыркүйек айында өтетін республикалық кезеңдегі Ұлттық жарысқа қатысады.    

05.07.2016

«Мерейлі отбасы-2016» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі туралы
АНЫҚТАМА


     «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкімін іске асыру мақсатында, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру туралы Батыс Қазақстан облыс  әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 102 қаулысы қабылданды.      

05.07.2016


Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының
амфитеатрында Астана күні мерекесіне орай           
«Мәңгі мақтанышым – Астана!» атты мерекелік концерт өтті

      Шара барысында сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов кешке жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.