Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының көрме залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін Тасқала ауданы жалғастырды.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы  халықаралық отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын жаңғыртуға жәрдемдесу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасылық оқу мәдениетін жетілдіру бағытында «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2019» облыстық байқауын өткізді. Бұл шараға облыс бойынша ең  үздік жеті оқырман отбасы қатысты.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты патриоттық сағат Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің  8-9-10 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.

рисунок

Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының көрме залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің оқытушылары мен студенттерінің сурет және қолөнер шеберлері көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында әр ұлт өкілдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға, балалар мен жасөспірімдер арасында өзге ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттерін насихаттап, танытуға бағытталған «Кітап – достық көпірі» атты ұлттар (украин) әдебиеті облыстық байқауының жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Байқауға облысымыздың түкпір-түкпірінен 150-дей жас оқырмандар қатысты.

03 05 19 news 19

Биылғы жылдың 1-мамыры күні Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ақын Дариға Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» драмасының премьерасы өтті. 

рисунок

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында Халықаралық би күніне арналған 29 сәуір күні сағат 1.00-де Тұңғыш Президент алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы би ұжымдарының «Биле, JASTYQ» кең ауқымды акциясы оздырылды.