Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жасөспірім. Заң. Қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей, №6 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушылары, жергілікті полиция департаментінің өкілдері қатысты.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылап, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының қолдауымен поэзия алыбы, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Ғинаятұлы Мырза-Әлидің 85 жылдығына арналған «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» тақырыбында (162 қатысушы) 2-7 сыныптар арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында №6 мектептің 5 «в»сынып оқушыларымен ҚР Конституциясына    25 жыл толу қарсаңына орай «Мен жеке басқа, жанұяға  құқығы бар елді жақсы көремін» тақырыбында жас құқыққорғаушылар турнирі өткізілді.

рисунок

5 қаңтар күні сағат 15.00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  Қазақстан Республикасының «Халық жазушысы», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын  Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Аңыз ақын – абыз ақын» тақырыбында әдеби кеш өткізді. 

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы шығармашылық байланыстағы А.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ  аз қамтылған және көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатырған балаларға кітапхананың демеуші серіктестері берген тәтті сыйлықтармен А.Островский атындағы драма театры әртістері дайындаған жаңа жылдық қойылымды тарту етті.

рисунок

24 желтоқсан күні облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Салтанат сарайында «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» облыстық  жаңа жылдық шыршасы өтті.