рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Салт-дәстүр асыл қазынам» тақырыбы бойынша  жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді  кеңінен насихаттау мақсатында колледж студенттеріне  этно-мәдени танымдық шарасын өткізді.

рисунок

Қадыр орталығында қолға алынған «Елеулі есімдер» жобасы аясында «Мерейлі ғалым, мейірімді ұстаз» атты кездесу кеші өтті. Кештің қадірлі меймандары – тарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Тұяқбай Рысбеков пен Тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Баян Шынтемірова болды.

рисунок

2019 жылғы 6 қараша күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет  басқармасының  басшысы  Қ.Мұсағалиевтің  бұйрығымен Жұбан  Молдағалиев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапхана директорының жаңа технологияларды енгізу жөніндегі  орынбасары лауазымына  Жиеналиева  Ұрқия  Кенжебайқызы  тағайындалды.

рисунок

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында Қадыр орталығында қолға алынған аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін Жаңақала ауданы жалғады.

рисунок

Қадыр орталығында «Жұлдызды отбасы» жобасы аясында «Өнердің қос қанаты» атты кеш өтті. Кеш иелері – Халықаралық, республикалық жыршы-термешілер конкурстарының лауреаты Фархат Оразов пен республикалық конкурстардың лауреаты Ақмарал Кемелханова.

рисунок

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ал оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыры болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс.

рисунок

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бұрынғы директоры Қуаныш Амандықов өз еркімен қызметінен кетуіне байланысты Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директорының міндетін атқарушы болып Салтанат Абулгазиева тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев таныстырды.