Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы данышпандықтың бар асылын бір бойына жинақтаған ұлы ақын Абайдың шығармаларын терең насихаттау мақсатында 4-6 сынып оқушылары арасында «Даналықтан дән ізде» атты мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды.
Жыр мүшайрасына облыстық орталық мешіттің «Тәжиден Батырұлы» және «Тұлбаев Мұхамед-Гарифе» мешіттері қаржылай қолдау көрсетті.
Тіл мамандарының шешімімен көркем шығарманы мәнерлеп оқу қабілеттеріне сай «Бас жүлде» - «Бәйтерек» аула клубының мүшесі, 6 сынып оқушысы Ерсайын Саянға бұйырды. І - дәрежелі дипломдарды №44 мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушылары Аманғали Гүльфия мен Өтеулі Абылай бөліссе, ІІ орындарға №37 мектеп оқушысы - Мұхамедиева Альбина және №25 мектептің оқушысы Шапекенова Айя иеленді.
Ал ІІІ-дәрежелі дипломдар №50 мектептің оқушысы Убаева Назымға, Кубашев Расулға «Айгерім» аула клубынан және №22 мектеп оқушысы Жексен Нұрайға табысталды.