рисунок

2019 жылғы 6 қараша күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет  басқармасының  басшысы  Қ.Мұсағалиевтің  бұйрығымен Жұбан  Молдағалиев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапхана директорының жаңа технологияларды енгізу жөніндегі  орынбасары лауазымына  Жиеналиева  Ұрқия  Кенжебайқызы  тағайындалды.

Басқарма басшысы Қадырболат Қабдырұлы  Ұрқия Кенжебайқызын жаңа қызметімен құттықтап, қызметіне табыс тілеп, зор сенім білдірді.

Бұған дейін Ұрқия Кенжебайқы 20 жыл бойы кітапхана ісі саласында жұмыс жасаған. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Жұбан  Молдағалиев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында кітап қорын өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторының жетекшісі қызметін атқарып келді.

рисунок