рисунок

Қадыр орталығында қолға алынған «Елеулі есімдер» жобасы аясында «Мерейлі ғалым, мейірімді ұстаз» атты кездесу кеші өтті. Кештің қадірлі меймандары – тарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Тұяқбай Рысбеков пен Тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Баян Шынтемірова болды.

Олар тарих саласына зор еңбек сіңірген жандар. Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеу жолында да өзіндік сара жолдары бар.

Кеш барысында орталық директоры Б.Халиолла сөз сөйлеп, өткеніміз бен бүгінімізді байланыстырып, тарих тереңіне бойлап жүрген қос майталманды құттықтап, БҚО Мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтың атынан Алғыс хат табыстады.
Өмірлері біліммен, ізденіспен, жанұялық бақытпен өрнектелген Тұяқбай Зейітұлы мен Баян Ғаббасқызы жиылған көрермендер алдында ағынан жарылып, әсерлі әңгіме өрбітті.

Шараға келген құрметті қонақтар, кеш иелерінің үзеңгілес достары, әріптестері сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Д.Есентеміров, Ж.Хасанова, А.Хайырханов, өңірімізге танымал Е.Ақбасов, Д.Құлбабаев секілді әншілер ұстаз, отбасы, туған жер тақырыбындағы әндермен шараның шырайын кіргізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок