рисунок

Бүгін Қадыр орталығында "Jas Otan" жастар қанаты мен Қадыр орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен "Жырласа, жастар жырласын!" атты жастар мен оқушылар арасындағы облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтысты оралдық Әділ Ахметов пен ақжайықтық Дінмұхамет Зейнеш бастап берді.

Бұдан әрі Мақсат Тұяқ пен оралдық Бақнұр Уахит, Ақжайықтың ақыны Нұрлан Қыдыраш пен Сырым елінің шәкірті Ерасыл Өміржан, Оралдың қос ақыны Ақтілек Әлібекұлы мен Нұрсұлтан Бақтыбай, қалалық ақын Мейірбек Жанболат пен бұл айтыстағы жалғыз қыз, теректілік Нұрдана Темір, ақжайықтық Абылайхан Мақсұтов пен Қоңдыкер Елеуов (Сырым ауданы) және талай додада олжа салып жүрген "жас пері" Орынбек Меңдіқұлов пен Абзал Наурызғалидың айтыстары сөз өрнегін өрбітті.

Қатысушылар барынша Тәуелсіздік тақырыбын, елдік, бірлік туралы жырлады.

Ақын, ұстаз Талап Таймасұлы төрағалық еткен Жансая Мусина, Талғат Мықи секілді ақындар және "Jas Otаn"басшысы Нұрғали Жолдасқалиевпен құралған қазылар алқасының шешімімен сырымдық Қоңдыкер Елеуов І орынға лайық деп танылып, жүлдеге тігілген 100 000 теңгеге ие болды. Ақжайық ауданы, Қызылжар ауылынан келген 7 класс оқушысы Абзал Наурызғали 70 000 теңге тігілген ІІ орынды еншілесе, Сырым ауданының тағы бір ақыны Ерасыл Өміржан ІІІ орыннан көрінді. Ерасылдың ұтысы 30 000 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін көптеген айтыстарға қатысып жүрген тәжірибелі қос ақын Орынбек Меңдіқұлов пен Мақсат Тұяқов жүлдеге таласпай, құрметті қонақ ретінде қатысты.

Қатысушы барлық ақынға Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табысталды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок