рисунок

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында Қадыр орталығында қолға алынған аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін Шыңғырлау ауданы жалғады.

Ашылу салтанатында Қадыр орталығы директорының орынбасары Д.Тюлешева сөз сөйлеп, орталық директоры Бауыржан Ергенұлының атынан аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетовке арнаған Алғыс Хатын табыстады.
Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Ислямов ел атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, график-суретші А.Абдешов шараның маңыздылығына тоқталып өтіп, қылқалам шеберлеріне шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Б.Оразов бұл жобаның мақсатын айтып, көрмедегі туындыларға кәсіби маман ретінде оң бағасын беріп, аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі желтоқсан айында қорытындыланып, бағаланатынын айтты.

Көрме он бес күн бойы орталық қонақтарының назарына ұсынылады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок