рисунок

2019 жылдың  20 қараша күні  облыстық арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы  Бейімбет  Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Көркемсөздің аса үлкен шебері» әдеби кеші  өткізілді. Шарада барысында қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин туралы  жасақталған кітап көрмесі  оқырмандар   назарына ұсынылды.

Шарада Бейімбет Майлиннің  «Ұлы топтың алдында», «Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз», «Даң болу»    атты  өлеңдері оқылды.

Сонымен бірге  кештің қонағы  М. Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Динара Қыдырбайқызы Кенжебаева жазушының  өмірі мен шығармашылығы туралы  деректермен бөлісті.  Шараға № 5 жалпы білім беретін орта мектебінің  оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

рисунок

рисунок