рисунок

Қадыр орталығында алғашқы Алаш зиялылары Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Қазақ едім дегенше...» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шарада орталық директоры Б.Халиолла, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, ақын А.Нәріков, алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.Сүлейменова сөз сөйлеп, үш алып туралы, жалпы Алаш арыстары жөніндегі ойларын ортаға салды.

Кеш Ернар Өмірәлінің орындауындағы С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнімен басталды. Бұдан әрі №45, 26, 22, 10, 43, 38, 47 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, айтыскер ақындар Мұрадым Мирланов, Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев, Орынбек Меңдіқұловтар үш ақынның шығармаларын оқыса, Бекболат Қаленов пен Мақсат Тұяқ алаш арыстарына арнаған өз туындыларын ұсынды.

Сонымен қатар, бұл кеште әнші Ерлан Қуанышев пен күйші Берік Шаймардановтың да өнеріне көпшілік куә болды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок