рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы кәсіпкерліктің дүниежүзілік апталығы шеңберінде табысты жас кәсіпкер Меңдібек Нұрғалиевпен кездесу кеші өтті. Кәсіпкерлікке қызығушылығы бар жастар түрлі тақырыптағы сұрақтар қойып, оған тұшымды, түсінікті жауаптар алды.

Жас кәсіпкер дизайн саласының дамуы, оның қиындығы, жоспарлары мен жобалары жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар кәсіпкер жастарға өзінің оқыған сүйікті кітаптары, кәсіпкерлікке ықпал еткен әдебиеттері, белгілі тұлғаларға ризашылық сезімі жайында шын көңілден әңгімелеп берді.

рисунокрисунок