рисунок

22 қараша күні облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты Ілбішін ауылдық мәдениет үйінде облыстық «Әдіскер» клубының кезекті отырысы оздырылыоып, оған 20 әдіскер қатысты.

Мақсаты - мәдениеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосу,  әдіскерлер өзара тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық деңгейі мен ой-өрісі шеберліктерін шыңдау.

Ең алдымен облыстық «Әдіскер» клубы Ілбішін ауылдық мәдениет үйінің жұмыс тәжірибесі мен үйірме жұмыстары туралы мәлімет алмасып,  өнерлерін тамашалады.

Одан әрі клуб отырысының пленарлық бөлімін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ермұханов ашып, «мәдени демалыстарды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Б.Давлетқалиева «Аудандық және ауылдық мәдени-демалыс мекемелерінде іс-құжаттарды жүргізу жүйесі» бағытында әдістемелік түсінік берді, ал Ілбішін ауылдық мәдениет үйінің директоры Н.Құсайынова «Өнерім-өмірім» іс-тәжірибесімен бөліссе, Ілбішін ауылдық мәдениет үйінің хореографы А.Жүсіпқалиева «Қуаныш бейнесі» тренингімен бір сергітті.

Шара соңында Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығының әдістеме бөлімінің жетекшісі Г.Қайбалиева қатысушыларға алғыс білдірді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок