рисунок

Елдің игілігі үшін еңбек етіп жүрген жерлестерімізді насихаттайтын "Елеулі есімдер" жобасының бүгінгі кейіпкері "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ұстаз Ерсайын Сапаров болды.

"Білімнің бәйгеторысы" атты кездесу кешінің мақсаты- ұлағатты ұстаздың өмір жолына арналған ғибратты әңгімелер арқылы кейінгі ұрпақты тәрбиелеу. Сол мақсат-мүддеден шыққан сәтті кеш болды.

Ерсайын Қадырұлының жарты ғасырға жуық алтын уақыты адал еңбек, маңдай термен өткендігін ардагер ұстаз Өтебай Құспанов, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Шалқыма Құрманалина, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің директоры Аягөз Хамзина өз сөздерінде қуаттап берді. Үлгі қылар адами қасиеттерін, басшыға тән тұлғалық сипатын жан-жақты баяндап жеткізді.

"Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері А.Хайырханов, әнші Қ.Сұлтанияров, №11 мектептің ұстаздары М.Хаирова, Б.Кереев және "Жігер" домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп шараның шырайын кіргізді.

Бүгінгі кештен ұлт болашағын, ұрпақ қамын ойлайтын ұстаздың бәрі Ерсайын Сапаровтай болса деп ой түйдік.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок