рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ойшылы, философ, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Менің Абайым!» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Барлық қатысушылар саны 244.

Әділқазылардың шешімімен финалдық кезеңге өткен жүлдегерлер «Бас жүлделер», М.Шулумов (Теректі ауданы, 10 сынып) және А.Нарегеев (№47 мектеп, 10 сынып) иеленді. І жүлделі орындарды №1 ЖОББМ оқушысы (8 сынып) Н.Нұрланұлы және көру қабілеті бұзылған мектеп-интернат оқушысы Ж.Турашев (10 сынып) бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломдарға Казталов ауданының (8 сынып) Н.Аманғалиева, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының М.Ізмұхан (8 сынып) оқушыларына, ал ІІІ орындарды Ф.Басарова, (Подхоз Н.М - 8 сынып), Г.Шибинтаева (№44 - мектеп-гимназия), С.Темірхан (№48, 7-сынып), Ә.Хайреденов (Казталов ауданы - 8 сынып) бұйырды. Номинациялық дипломдарға орыс тілді мектептерден №6 – Ә.Азаматов, №9 – М.Горбанева, №10 - А.Солдаткина, №7 - Е.Ким, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей оқушысы А.Серикова және т.б марапатталды.

рисунокрисунок