Қазақ драма театрында 

«Толғақ» қойылымы көрсетілді.

Қазақ драма театры Жеңишгүл Өзүбекованың психологиялық драмасының премьерасын ұсынды. Қойылымның режиссері – Самал Абуов, қоюшы суретшісі – Мұрат Мәмбетов, аударған - Эльмира Макашева.

Премьераға Қырғызстаннан шығарма авторы белгілі қырғыз драматургы, ақын, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жеңішгүл Өзүбекова, Қырғыз Республикасының Түркия Республикасындағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі ,филолог Жумагулов Ташбоо Рахманбердиевич арнайы келді. 

Жеңішгүл Өзүбекова төл туындысын сахналағаны үшін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына шынайы алғысын білдіріп, қойылымды сахналауға ат салысқан барлық әртістерге Қырғыз республикасының мәдениет және туризм министрі Алтынбек Максутовтың алғыс хаты мен дипломдарын табыстады.