19.05.2016

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдени шара

Облыстық халық шығармашылығы орталығының кіші залында мәдениет және өнер қызметкерлері күнінеорай, ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, қасиетті қарасөз бен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүрген белгілі қаланың асабаларының басын қосқан шара өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – ата-бабамыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сай, кестелі сөзбен көмкере, үлкен орталарды аузына қаратып жиын тойларды өз дәрежесінде атқарып жүрген асабалардың мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету. 

Мерекелік шараға облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелердің басшылары және өнерлерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген өңіріміздің асабалары қатысты.

Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы елімізге танымал, облысымыздың мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірнеше асабаларға «Алғыс хат» табыс етті;