30.05.2016

«Әдебиетімізбен доспыз» онлайн оқырман конференциясы

Орал – Алматы – Воронеж

 Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақстандық жазушы Аделия Амраеваның «Футбольное поле» кітабы бойынша халықаралық онлайн оқырман конференциясы ұйымдастырылды. 

 «Әдебиетімізбен доспыз» онлайн оқырман конференциясы Воронеж қаласының қалалық кітапханасының оқырмандарымен (№5 мектептің 5-6 сынып оқырмандары), Алматы қаласындағы жазушы Аделя Амраевамен және де біздің кітапханадан № 44 мектептің 5-6 сынып оқушыларымен өтті.

 

Алматы қаласында тұратын жас жазушы Аделиа Амраева Владислав Крапивин атындағы Халықаралық әдеби фестивалінің жүлдегері атанды. Оның «Футбольное поле» повесті конкурсқа қатысқан 194 шығарманың ішінде балаларға арналған үздік 10 шығарманың ішіне енді. 

 Кездесу барысында балалар бір-бірімен сәлем алмасты. Әр қатысушы өздеріне ұнайтын сүйікті кітаптары туралы әңгімеледі. Біздің оқырман балалар воронеж жазушылары Кольцова мен Исаеваны білетіндерін айтып, олардың шығармаларынан үзінді оқыды. Воронеж оқырмандары өз кезегінде Ұлы ақын Абай туралы мәліметтер келтіріп, өлеңдерін ортаға салды. Онлайн конференцияға қатысушылар кітапты бар ынталарымен оқып шығып, кітаптағы басты кейіпкер – мақсатшыл Димаға футболдан артық ештеңе маңызды емес екенің білдірді. 

 Аделя Амраеваға қатысушы оқырмандар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Жас оқырман қауым үшін Аделя футбол туралы көп мәліметтерді қайдан білетіні, шығарманың бас кейіпкері, Дим әкесімен Германияға кетті ме алде анасымен қалды ма?, бұл шығарманың жалғасы бола ма?, болашақта Дима кәсіпқой футболшы бола ма?