31.05.2016

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен 2016 жылдың 31 мамырынан бастап «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Камералық оркестрінің» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Қуанышев Медет Ермекқалиұлы тағайындалды.

1983 жылы 1 қаңтарда Бөкей Орда ауданы, Т. Масин ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1997 - 2001 жылдары Құрманғазы атындағы саз колледжін тромбон класы оқытушысы мамандығы бойынша, 2004 - 2007 жылдары М. Өтемісов атындағы БҚМУ концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген.

2001-2004 жылдары мәдени-ағарту бірлестігінде-үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері, әртісі;

2004-2007 жылдары 5517 әскери бөліміне оркестр әртісі;

2007-2019 жылдары «Жастар мәдениет үйінде» әуенді аспаптар ансмблінің әртісі;

2009-2013 жылдары Құрманғазы атындағы саз колледжінде-оқытушы;

2013-2015 жылдары Камералық оркестрінде директордың орынбасары;

2015 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар окестрінің бас әкімгері;

2015 жылдың 17 ақпаннан бастап Жастар шығармашылық орталығының директоры.

Отбасылы жолдасы, 1 қыз 1 ұлы бар.