01.06.2016

«Жаз бізбен көңілді!» атты мерекелік бағдарлама

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Алақай, жаз!» жазғы бағдарлама аясында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Жаз бізбен көңілді!» атты мерекелік бағдарламаны «Атриум» сауда орталығымен бірлесе өткізді. Мереке «Атриум» сауда орталығының алаңында оздырылды.

Мерекелік шараға «Атриум» сауда үйінің тұтынышулары, балалар, ата-аналар және сүйікті қаламыздың кішкентай тұрғындары көрермен болды. 

Мерекенің ашылу салтанаты баларды құттықтау сөзбен ашылып, мереке құрметіне көңілді «Альянс» студенттерінің «Жастық» топтық би орындалды. 

Көңілді бағдарламаға мектептен тыс жұмыстар орталығының (директор-Ү.Е.Шадеева) өнерпаздары қолдау көрсетті. Сонымен қатар балаларға мерекелі күнге байланысты «Ертегі әлеміндегі қызықты сәттер» танымдық викториналар, қозғалыс ойындары мен флеш-моб және «Біз бақытты балдырған» атты көлемді көркем суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар «Петрушкин цирк» атты қуыршақ қойылымын тамашалады. 

Мерекені ұйымдастырушы кітапхана қызметкерлері барлық қатысушы көрермендерді жазғы айларына арналған «Алақай, жаз!» бағдарламасымен таныстырып, кітапханаға шақырды. Балалар мерекесі «Сәлем Қазақстан!» әнімен аяқталды.