рисунок

19 қыркүйек күні Қадыр орталығында жастайынан Жайық жұртының жүрегін қоңыр дауысымен жаулаған Асхат Құрмекешовты еске алуға арналған "Қалды-ау арман..." атты кеш өтті.

рисунок

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев «Самая вышка» әнімен танымал болған жерлестеріміз Райым мен Артур дуэтін қабылдады. Әншілер өз жоспарлары және алда тұрған міндеттері туралы ой бөлісті. Басқарма басшысы Қ.Мұсағалиев Давлетьяров Артур мен Бақтыгереев Райымбекке және әнші, продюсер Данияр Рахметжановты өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Қабылдауға Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиев қатысты.

рисунок

Қадыр орталығында 13 қыркүйек күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында Бөрлі ауданының суретшілер және қолөнер шеберлері көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

рисунок

17 қыркүйек күні Қадыр орталығының концерт залында "Тасада жүрген таланттар" атты жаңа жоба өтті. Жобаға қатысушылар классикалық, эстрадалық жанрда және баян аспабының сүйемелдеуімен ән айтты. Арасында биші де, күйші де болды. Қылқалам шеберлерінің туындылары да жұрт назарына ұсынылды.

рисунок

2019 жылдың 9 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің бұйрығымен Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымына Тюлешева Диана Ахметқалиқызы тағайындалды.

рисунок

2019 жылдың 7 қыркүйек күні Орал қаласы Шаған жағалауында қала күніне орай БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен сан ғасырлар бойғы  жауынгерлік рухтың өшпес алауының нақты көрінісіндей – Исатай пен Махамбет батырдың атты ескерткіші бой көтерді !!!