Мәскеуден Ордаға радиостанция, армия баспаханасы жеткізілді. 1918 жылдың тамыз айында Мәскеуден Ордаға ұлттық мәселелер жөніндегі комиссариаты қазақ бөлімінің бастығы Мұхамедияр Тунганчин мен оның орынбасары Хусаин Бекентаев келді. Олар  Ордада Совет баспасөзінің шығуын ұйымдастырды. 1918 жылдың қарашасынан бастап Ордада «Киргизская правда» (орыс тілінде) және «Қазақ дұрыстығы» (қазақ тілінде) газеттері шыға бастады. Екі газеттің де редакторы 1908 жылдан КПСС мүшесі, Бөкейордасы облыстық атқару комитетінің төрағасы Степан Петрович Милютин болды.

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Орда селосы, А. Теңізбаев көшесі,19