Әскери-шаруашылық басқармасының ғимараты XIX ғ-ң 30-шы жылдарында салынды. Ол кезде  қоғамдық ғимараттар сәулетші А.А.Гопиустың байқауымен жүзеге асырылып орындалды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 166

Ғимарат 1901 жылы көпес бірінші гильди А.Т. Каревпен тұрғызылды. Революцияға дейін бірінші қабатта дүкендер, екінші қабатқа-офицерлер жиналысын өткізетін клуб орналасқан, үшінші қабат қонақ үйге берілді.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Карев көшесі, 47

Ғимарат XIXғ-ң басында итальян сәулетшісі Дельмединоның бастауымен тұрғызылды. Атаман Д.М.Бородиннің қарамағында болды. Атаман Покатилов бұл үйді жиһаз-жабдықтарымен қоғамдық ақшаның есебінен өзіне  сатып алды.

XIX ғ бұл үйге ұлы орыс жазушылары; А.С.Пушкин (1833 ж), В.А.Жуковский (1837 ж.), И.В.Даль (XIXғ-ң 30-шы жылдары), Л.Н.Толстой (1862 ж.) тоқтаған.

Қазіргі уақытта мұнда Ішкі істер департаментінің емханасы мен А.С.Пушкин музейі орналасқан. Қазір ішкі істер басқармасының поликлиникасы (емханасы) республикалық маңызы бар XIX ғ. тарихи, мәдени және архитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұр.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Савичев көшесі,43

Ғимарат 1891 ж. салынды. Революцияға дейін мұнда орыс-қырғыз (қазақ) мектебі болды. Мұнда негізінен ер балалар алғашқы білім, ағаш шебері, темір ұстасы т.б. істерден білім алды. Мектеп ондағы бастауыш сыныптармен екі жылдық болды. 1919 ж. аяғында мұнда облыстық әскери комиссариат орналасты. 20-30 жылдары оқу корпусы, интернат, асхана, клубы бар Орал кәсіптік-техникалық мектебі орналасқан. Одан кейін ғимаратты ГПТУ-75 алған. 1963 жылы бұл ғимарат Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына берілді. Қазіргі уақытта онда облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан. Бұрынғы орыс-қырғыз (қазақ)  мектебінің үйі, қазір тарихи-өлкетану музейі ғимараты  республикалық маңызы бар XIX ғ. тарихи, мәдени және архитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұр.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 184

Ғимарат Абай атындағы алаңда орналасқан. 1896 жылы тұрғызылған. Сәулетші- Бунькин. Революцияға дейін ғимарат сауда банкісінің қарамағында, сонымен қатар дүкендер үшін пайдаланылған. Қазан революциясынан кейін мұнда жұмысшылар, жауынгерлер және шаруалар депутаттарының бірінші кеңесі орналасып, жұмыс жасаған. 1919 жылдан 1921 жылға дейін Орал облыстық революциялық комитеті орналасқан.

1920-шы жылдары Орал губерниялық комсомол комитеті және  Жасөспірімдер.

сарайы.Қазіргі уақытта бұл ғимаратта Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі ғимараты. Бұрынғы сауда-өндірістік коммерциялық банкі болған. Республикалық маңызы бар XIX ғ. тарихи, мәдени және архитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұр.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 179

Достық-Дружба даңғылы- Орал қаласының ең басты үлкен көшесі. XYII ғасырда қала Жайық өзенінен қазіргі Пугачев алаңына дейін, шамамен 1 шақырым қашықтықта тұрғызылды. XYIII  ғ. бойына оның шекарасы 2 рет ауыстырылды: қазіргі Некрасов көшесіне дейін, соңынан Коммунистік көшесіне дейін. XIX ғ. басында қалалық топырақ үйіндісі қазіргі Достық-Дружба алаңына жылжытылды.

Үлкен өрттен кейін, өрт кезінде ағаштан салынған құрылыстың белгілі бір бөлшегі жанып кетті, 1821 ж. бірінші рет Оралда архитектор қызметі беркітіліп, оған Петербордан итальян сәулетшісі Дельмедино шақырылды. Оның жобасы бойынша алаңның бір бөлігі  Пугачевтан  Абай атындағы алаңға дейін салына бастады. Оған бұрынғы атамандар сарайы салынды. Қазір мұнда Ішкі істер департаментінің поликлиникасы (емханасы) орналасқан. Ғимаратта А.С.Пушкин, В.А.Жуковский, В.И.Даль, Л.Н.Толстой жөнінде 4 ескерткіш тақта бар. Квартал қатарына салынған ансамбльдер толығымен сақталды, совет заманында бірнеше жаңа ғимараттар пайда болды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Пугачев көшесінен Ж. Молдағалиев   көшесіне дейін