Ғимараттың бірден-бір авторы азаматтық инженер М.Клементьев. Мемлекеттік Банктің Орал бөлімшесі 1876 жылы ашылды. 1908 жылдың тамызында бөлімшеге учаске сатып алынды, 3 үй иелігі жойылды және 1912 жылы Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратының құрылысы аяқталды. Жылу жүйесі және желдеткішін ағайынды Кертинг-Москва Орыс қоғамы жабдықтады  (1912 жылы).1919 жылдан 1924 жылдың маусымына дейін бұл ғимаратта облыстық және 1922 жылдан - бөлімше, 1924 жылдан-СССР Мемлекеттік банкісінің конторы. 1925 жылдан бұл ғимаратта аудандық комсомол комитеті және аудандық атқару комитеті. Ғимараттың 3 қабатының тұрғын -жәй бөлімі 1932 жылға дейін квартирге бөлінеді.  1932 жылдан  1968 жылға дейін  ғимараттың қызмет жәйінің бөлігі мен тұрғын-жәй бөлігіне Қазақстан коммунисттік партиясының облыстық комитеті орналасты, 1968-1975 жылдарда ғимараттың бұл бөлігін халықтық бақылаудың облыстық комитеті, облыстың қаржы бөлімі, кәсіптік-техникалық білім беру облыстық басқармасы, ал 1975 жылдың қаңтарынан ғимаратты түгелімен СССР Мемлекеттік банкісінің облыстық конторы алып отыр. 1998 жылдан облыстық қазынашылық басқармасы және мемлекеттік саттық жөніндегі Департамент алып отыр.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Ж. Досмұхамедов көшесі,16

Ғимарат төрт қабатты, тастан, П-үлгісінде. Төбесі темірден, ағашпен қоршалған. Алдыңғы жағы штукатурланған. Ғимарат ерте совет архитектурасы стилінде тұрғызылған. Бас кірер жерінің козырегі 4 тікбұрышты колоннамен 3-ші қабақа дейін ұстап тұр.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Құрманғазы көшесі,80/2

Фрунзе көшесінің скверінде жерлес-ақынымыз Ж.Молдағалиевке ескерткіш-мүсін орнатылды. Ескерткіш ақынның туғанына 80 жыл толуына арналып тұрғызылды. Мүсін 3 натуралды көлем өлшемінде, қоладан дайындалған. Мүсінші - Ю. Баймукашев,  сәулетші А. Кононов.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Ж. Молдағалиев шағын бағы.

Достық даңғылының бұрышы мен Пугачев көшесіне (бұрынғы Қазан алаңы) орналасқан екі қабатты ескіден қалған көне Обратнев Павел Ивановичтің қарамағында болды. Ол осы үйдің қожасы болды, кең жүректі, парасатты, ержүректі адам болған, әскери старшина, әскери- шаруашылық басқармасының бірінші бөлімшесі бірінші столының іс жүргізушісі болды.

Обратнев П.И. өзінің істеген істерімен тек қана қалаға ғана емес, сонымен қатар барлық казак әскерилеріне кеңінен танымал болды. Ол сапар шеккенді жақсы көрді. Қай елде болса да, ол сол елдің ұлттық костюмдерін жыл сайын алып келіп отырды.

Ал үйге келерде ол әрқашан Оралдың көшесінде сол ұлттық костюмдермен көрінетін еді. Обратнев өзінің салтанатты үйін мал өндіруші Я.А.Овчинниковке сатты, ал өзінің күндерін февраль революциясының алдында бітіріп, Халупаға көшті.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 136

Үй «Шилихин өртінен кейін» (XYIII ғ. ортасы шамасында) орташа әл-ауқатты казах Петр Михайлович Кузнецовпен салынды. Мұнда «Жайық ханшасы» - Е.И.Пугачевтің екінші әйелі- Устинья Кузнецова туып, өмір сүрген.  1774 ж. Е.И.Пугачев бұл үйде болды. Қазіргі уақытта бұл үй Орал қалалық мәдениет бөліміне қарайды. Бір бөлмесінде кітапхана  орналасқан, ал екіншісінде - орташа әл-ауқатты казактар отбасының жағдайына  қарай безендірілген.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 35

Тастан жасалған ротонда XIX-ғ-ң 50-ші жылдары салынған. Орталықта ротонданың ішкі жағына казак әскерлерінің атаманы болған Александрдің ұлы II-Николайға мүсін қондырылған. 1859 жылы Оралда атаман А.Д.Столыпиннің бастамасымен бульвар ашылды. (оны Столыпин бульвары деп атаған). Ол жөнінде жергілікті газетте жазған: «Бульвар офицер мырзалар мен жергілікті жастардың демалуы үшін ашылды». 1862 жылы бульварға Столыпиннің Қырымда болған кездегі досы және қызметтесі Л.Н.Толстой келіп қатысты.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Некрасов бағы.

Ғимарат екі қабатты, тастан, Г-үлгісінде. Төбесі темірден, ағашпен қоршалған. Ғимараттың алдыңғы жағы штукатурланған, терезе ойықтарының астында декоративті гипсті элементтері бар.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 155