Ғимарат 1898 ж. салынған. Революцияға дейін мұнда бастауыш Пушкин мектебі және әскери саз мектебі орналасқан. Орал қаласын ақ казактардан қорғау кезінде бұл ғимаратта 1919 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін 22-ші атқыштар дивизиясының штабы орналасқан. 22-ші атқыштар дивизиясы Оралдың арғы бетіндегі жұмысшылар дружинасымен, қызыл партизандармен бірге ақ казактардың барлық соққысын өздеріне қабыл алып, 25-ші Чапаевшылар дивизиясы келгенше шыдамдылық көрсетіп, 11 шілде 1919 ж. Орал қаласын қоршаудан құтқарды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі,59.

Орал драма театрының ғимараты 1859 жылдары инженер-құрылысшы Ю.Д.Куркчидің жобасы бойынша салынды. Театрдың орнында, өткен ғасырда тұрғызылған, тастан салынған бір қабатты ғимарат орналасқан, онда азғана уақытқа кітапхана орналасып, классик-жазушылар жөнінде лекциялар оқылды, ал 1929 жылдан 1937 жылға дейін бұл ғимаратта музей орналасты. Күрделі жөндеу түрінде бұл ғимаратқа драма театрының ғимараты тұрғызылды (оның бір қабырғасы театрдың көрермендер залының қабырғасына қалдырылды).19 қаңтар 1959 жылы театрдың ғимаратында салтанатты жиналыс өткізілді, онда 4 қазан1958 жылғы ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен облыс марапатталып, Орал облысына Ленин ордені табыс етілді. Орденді КПСС ОК-ң секретары Е.А.Фурцева табыс етті. Совет әдебиеті жөніндегі М.А.Шолоховтың сөзі үлкен көңіл қойылып тыңдалынды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,Д.Нұрпейсова көшесі,17.

Ғимарат XIX ғасырдың екінші жартысында тұрғызылып, саудагер Ванюшиннің иелігінде болды. 1917 жылға дейін мұнда облыстың бірінші басқармасы тұрып, жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл ғимаратта Одессаның қоныс аударылған пехотный (жаяулар) училищесі орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін мұнда ауылшаруашылығы техникумы орналасқан. 1984 жылы қазанда ауылшаруашылық ғимараты Пионерлер үйіне берілді.

Қазіргі уақытта бұл ғимаратта №38 қазақ орта мектебі орналасқан.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 16/1.

2002 ж. 11 -қыркүйегінде театр ғимаратының ашылуы барша Республиканың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қарашығанақ Петролеиум Оперейтинг б.в.(КПО) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде салынған  қазақ драма театрының ашылу салтанатына қатысты. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанда салынған бірінші театр және Орал қаласындағы тарихи орталықтың бірегей объектісі болып саналады. Театрдың бас көрермендер залы 280 орындық. Сахнаның көлемі- 15х21м. 2 әзірлік өткізетін залы, қоғамдық шаралар өткізетін холы,  құрметті қонақтар үшін зал, декорация дайындайтын цех, қазіргі заманғы топ-студия және қосымша жайлары бар. Театр коллективі өзінің 13 жылғы қызметінде 2 рет республикалық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанып, республикадағы ең үздік театрдың бірі болды, 2005ж. театр ұжымы Қазақстанның драма өнерін көрсету құрметіне ие болып, Египетте өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысты.Қазақ драма театры әр түрлі өнер туындыларын жүзеге асыру үшін кездесетін қоғамдық өмірдегі нағыз мәдени орталыққа айналды.

Батыс Қазақстан облысы, Оралқаласы, Достық-Дружба даңғылы,185.

27 тамыз 2002 ж. Орал қаласының орталық көшесіне Абай Құнанбаевтың ескерткіші орнатылды. Класссикалық стильде дайындалып, граниттен жасалған. Авторы- мүсінші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Нұрлан Далбай (Алматы қаласы). Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы-XIX ғ-ғы қазақ әдебиетіндегі бірден-бір басты тақырып.  Абай -көреген көз, Абай-халықтың ақылы. Оның өмір және шығармашылық жолында халқының ең жақсы ойлары, сезімдері және істері көрсетілген. Ол жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және бірінші ақын- реалист, композитор, философ, гуманист-ағартушы және халықтар достығын жырлаушы.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай алаңы.

Үй XIX-ғасырда салынып, патша армиясының полковнигі Завьяловтың қарамағында болды. Авторы белгісіз. 1919 жылдың қаңтар айында Оралды қоршаудан босатқаннан кейін Самарадан 10 ақпанда шығыс майданының IY армиясының командармы М.В.Фрунзе келді.

Ол қаланың партия және совет ұйымдарының жұмыс жағдайымен жете танысып, тиянақты көмек көрсетті. М.В.Фрунзе Орал қаласы гарнизоны бастығының міндетін өз мойнына алды. Келесі күні ол гарнизон бөлімшелерінің байқауын өткізді.

Қаланың көп халық жиналған еңбекшілер мен және гарнизонның жеке құрамымен болған митингіде М.В.Фрунзе шығып үлкен ұлағатты сөз сөйледі. 14 ақпанда Фрунзе серебряков ауданының алдыңғы шебіне шығып, бөлімшелердің орналасуын қарап, Шаповқа кірудің әзірлігімен және жағдайларымен танысты.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Ғ. Тоқай көшесі,14

Бұрынғы Р.Ф.Функаның әмбебап дүкені XIXғ. аяғындағы құрылыс. Ғимарат тастан, бір қабатты, жертөлесімен, тікбұрыш үлгісінде. Төбесі темірден, фигуралы. Қазіргі уақытта "Талап" АҚ тіс емдеу емханасы үшін пайдаланылуда.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., ., Ғ. Тоқай көшесі,39