ПРЕСС-РЕЛИЗ

83 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 10-12 сәуір күндері құдіретті музыка  әлеміне сүбелі үлес қосқан, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың ән мұрасын насихаттап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, талантты жастар арасынан жаңа есімдерді таныту, шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету.