ПРЕСС-РЕЛИЗ

82

Үстіміздегі жылдың 4 сәуір күні, сағат 17.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өне орталығында «Жастар жылы» аясында халықаралық деңгейдегі жарыстарда облысымыздың намысын қорғап жүрген шорт-трек шеберлерімен «Көк мұздан көтерілген көк Ту» атты кездесу кеші өтеді.

Мақсаты: еліміздің спорт саласында облысымыздың атын халықаралық деңгейде танытып жүрген шорт-трек шеберлері Анита Нагай, Әділ Ғалиахметов, Нұрберген Жұмағазиев,  Нұртілек Қажығали спорттағы жетістіктерін көрерменге жеткізу, көпшілікке таныстыру.

Келешек ұрпаққа жерлес шорт-трекшілердің спорттағы  жетістіктерін үлгі ете отырып, спортпен шұғылдануға баулу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Шарада: кеш қонақтары спорттағы жетістіктері мен өмірі туралы сұрақтарға жауап береді.

Спортшылардың медальдары мен марапаттарынан көрме көрсетіледі.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаева, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, спорт саласының басшылары мен спорт мектептерінің оқушылары, қаламыздағы жоғары оқу орындарының «Дене шынықтыру және спорт» факультететінің студенттері, қала тұрғындары мен қала қонақтары.