XIX ғасырдың бірінші жартысындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы әрі көсемі.  

Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жаганан, оның байлығын, екішпі жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қоскан.

Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған казактарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі - патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды.

Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды. 1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады.

Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыкқан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады.

Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді.

1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құғылды. 1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда - Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды.

1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдық жерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті.

Бұл кезенде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптаскан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшындарымен келіссөздер жүргізе бастады.

Бір жаганан, бұл саясат қазақ даласындагы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 3 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезенде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа кешті.

Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды.

1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтершісшілер қолынан қаза тапты.

1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісгі тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мәжбүр болды.

Исатай Тайманұлы (1791-1838) - ұлттық батыр, 1836-38 жылдары Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ірі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.

Тегі - беріш руынан, Ағатай батырдың ұрпағы. Ел басқару ісіне ерте араласқан. Парасаттылығымен, батырлығымен, шыншылдығымен руына ғана емес, бүкіл аймаққа беделді болды.

Хан оны беріш руына старшын сайлады, шұрайлы жерлерден қоныс берді, Исатай сынды батырларына арқа сүйеді. 1833 ж. Жөңгір ханның Каспий жағалауындағы руларды екіге бөліп, бір жағын қайын атасы, ірі жер иленуші, саудагер Бабажанов Қарауылқожаға басқартып қойғаны халықты ашындырды.

Исатай Қарауылқожаның озбырлығына тыйым салуды ханнан батыл талап етті, өзі хан өкімдеріне бағынудан бас тартты. 1836 ж. 17наурыздахан бұйрығы бойынша Қарауылқожа 500-дей қолмен Исатай батырды ұстауға шықты. Исатай 200 адаммен оған қарсы аттанды.

Бетпе-бет келгенде бес адам (Исатай, Махамбет Өтемісұлы, Үсе Төлегенұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Үбі Үсеұлы) ата-баба жолымен қарсыластарын жекпе-жекке шақырды. Олардан сескенген Қарауылқожа кейін қайтуға мәжбүр болды.

Исатай 1836 ж. шілдеде 17 адаммен ел талабын ханға білдіруге бара жатқанда оған жол-жөнекей 100 шақты адам келіп қосылды, бұл батырдың соңына ерген алғашқы топ еді.

Батыр 1836-37 ж. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийге, 1837 ж. 2 қарашада Жәңгір ханға жазған шағым хаттарыңда қара халыққа жасалған киянаттарды атап көрсетті. Оған біраз рулардың адамдары қол қойған.

Тексеру жүргізілгенімен Исатай батырдың талаптары ескерусіз қалды. Содан соң ол халықты қарулы көтеріліске бағыттады. 1836 жылдың аяқ шенінде Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы халық Қарауылқожа мен Балкы биге бағынудан   бас тартты. 1837 жылдың қазанына дейін беріш, байбақты, ысық, адай, жаппас, т.б. рулардан мыңнан астам үй Исатай қол астына көшіп келді.

1837 ж. 3500-дей қол жинап, ашық көтеріліске шықты да, екі жұмаға жуық хан ордасын камауға алды. Бұл көтерілісті 1837 ж. 15 қарашада Геке басқарған  1200-дей патша әскері басып тастады. Осы соғыста Исатайдың баласы әйелімен қаза тапты. Күші басым қарулы қолға төтеп бере алмай, М. Өтемісұлы, т.б. сенімді  40 жолдасымен түн ішінде, тосқауылды бұзып, Жайықтан өтіп кетті. Исатай қайтадан 3 мыңдай қол жинады.

Кіші жүздің батыс жағындағы руларға хан болуды көксеп, Хиуа ханның көмегін күтіп жүрген Қайыпқали төремен уақытша келісті. Қайыпқалиды хан тағына отырғызу үшін емес, тек өзінің қолын нығайтып, жауды жеңудің жолын қарастыру үшін осындай келісімге келді.

Жайықтың сол жағындағы елден қол жинап, шешуші айқасқа шыққан батыр қапыда жау қоршауына түсіп, ұрыс үстінде қаза болды.

Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның баласы.

Генерал-майор, Қазан университетінің құрметті мүшесі. Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін орданы Шығай сұлтан уақытша, немере інісі Жәңгір ер жеткенше басқарды.

Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алды, халықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренді.

1823 жылдан бастап билік хан тағының занды мұрагері Жәңгірдің қолына көшті. Ол басқарған 22 жылда біршама реформа жүзеге асты.

Жасқұста сәулетті астана - Хан ордасын салдырды. Еуропалық өркениет жетістігін қазақ тұрмысына дарытуды ойлады.

Әсіресе мектеп ашу, жастарды гимназияда, кадет корпусында оқытуға көп көңіл бөліп, үлгі ретінде өз балаларын оқуға жастай аттандырды.

Қазан университетінің профессорлары - ректоры К.Фукспен, шығыстанушы ғалым А.Казембекпен жақын танысты. Араб, парсы, неміс, орыс тілдерін жақсы меңгерді, көркем әдебиетгі, мерзімді баспасөзді тұрақты оқыды, танымдық басылымдар мен шығыстың көне кітаптарын жинады.

Қазақ шежіресін жазуға ниет еткен, соңына ғұмырбаяндық туынды жазып қалдырды.

Ордада 2 мешіт, дөрігерлік бөлімше, дәріхана, тұрақты жәрмеңке аштырды. Өз сарайының да салтанатын келістіріп, мазмұнды кітапхана ұстады, қару-жарақ бөлмесін жарақтады.

Жәңгір хан 1845 ж. 11 тамызда кешкі сағат 6.30-да Тарғын өзені бойындағы жазғы қалашығында дүние салды.

Тәуелсіздік жылдарында Жәңгір ханға кесене орнатылды.

Ол ашқан мектептің 150 жылдығы, Бөкей ордасының 200 жылдығы аталып өтті.

Махамбет Өтемісұлы (1804 жылы Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жерінде дүниеге келген.

Махамбет Өтемісұлы қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы. Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Махамбет Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін меңгерген.

1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады.

Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982).

Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мұштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді.

Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды.

Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.